Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылды

147

Түркістан облысында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылды

Түркістан облысының Полиция департаментінде Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Колл-орталық құрылғанын хабарлаймыз. Байланыс телефоны: 8-725-33-58637 және 8-775-582-17-13. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Облыс аумағында орналасқан МХҚКО-ның мекен-жайлары:
1. Түркістан МХҚКО – «Мега орталық» ғимараты
2. Сайрам МХҚКО. Қарасу ауылы С. Рахимов көшесі 10/79
3. Сарыағаш МХҚКО. Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесі, 17 а
4. Ордабасы МХҚКО. Темірлан ауылы Аббасов көшесі, 11
5. Мақтарал МХҚКО. Мырзакент а. Мадиходжаев көшесі 7а үй

Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысымен Армения Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген автомобильдерді тіркеуге қоюға рұқсат берілді. Осы қаулыға сәйкес;
– тіркеуге, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген, сол жақты басқаруы бар автомобильдер жатады.
– Тіркеуге тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген автокөліктер ғана қойылады. Тіркеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін белгіленген.
– басқару рулі оң жақтамалы немесе басқару рулі оң жақтамалыдан сол жақтамалы етіп қайта жабдықталған автокөліктер тіркеуге қойылмайды. Мұндай көліктерді Армения еліне қайта шығару керек.
– Тіркеу кезінде төлемнің 3 (үш) түрін төлеу қажет. 1. Тіркеу үшін алым-0,25 АЕК (695 тг). 2. Техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 1,25 АЕК (3473 тг). 3. Мемлекеттік нөмір үшін баж-2,8 АЕК (7778 тг). Барлығы – 11946 теңге.
Кәдеге жарату алымы мен алғашқы тіркеу үшін алым төлеу талап етілмейді.
– Автокөлікті тіркеу үшін тек 3 құжатты ұсыну қажет. 1. Жеке куәлік. 2. Жоғарыда аталған 3 төлемдерді төлеу туралы түбіртектер. 3. Автокөліктің техникалық төлқұжатының нотариалды куәландырылған аудармасы.
Аталған құжаттарды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу қажет. Армян техпаспорты мен мемлекеттік нөмір осы мекемеге сақтауға тапсырылады.
Иесіне көлік құралын тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл ретте «ерекше белгілер» бөліміне «өзге тұлғаға тіркеуге жатпайды» деген жазба енгізіледі. Сонымен қатар автокөлікке «18» аймақтық коды бар сары түсті мемлекеттік нөмір беріледі.
Аталған автокөліктер үшінші тұлғаларға сатуға жатпайды. Егер автокөлік иесі оны сатқысы келсе, онда оған автокөлікті есептен шығарып, бұрынғы армян нөмірі мен техникалық төлқұжатын қайтарып алып, одан кейін оны Армян Республикасының есебінен алып, барлық баждар мен алымдарды, яғни кәдеге жарату және бастапқы алымдарды (шамамен 2-4 млн.тг) төлеген соң ғана автокөлікті басқа тұлғаға ресімдеуге рұқсат етіледі.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі