Келестік полицейлер су ішінде қалған қарияны құтқарды

207

Мақтарал ауданы, Фирдоуси елді-мекенін су басқан тұста Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпті аймақтан қарияны құтқарды. Егде жастағы азамат су алған аймақта орналасқан үйінде қалып қойған.

Алғашқы көмек көрсеткен полицейлер зардап шегушіні қауіпсіз аймаққа алып шықты. Қазір қарияның жағдайы қалыпты.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ауыл ішінде қалып қойған жылқыларды да қауіпсіз жерге алып шыққан.

– Ауылымыз судың астында қалды. Үйлер құлап жатыр. Барлығымыз тек қажетті құжаттарымызды алып, қауіпсіз жерге шықтық. Қиын кезде көмек беріп жатқан жандардың баршасына рахметімізді айтамыз – дейді Фирдоуси елді-мекенінің биі Тіллә Файзиев.

Айта кетейік, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен аумақта полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет атқаруда. Су басқан аймақтан адамдар мен төрт түлікті құтқару қызметін белсенділікпен атқарып, күні-түні қызмет етуде. Одан бөлек тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмек беру қызметтерін де атқарып жатыр.