Коронавирус жұқтырғандар саны 10 мың адамға жуықтады

92

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай бойынша 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,7% құрады. Аймақтар бойынша: Алматы қаласы – 84 (3,5%) Батыс Қазақстан облысы – 51 (10,3%) Нұр-Сұлтан қаласы – 48 (2,6%) Маңғыстау облысы – 40 (22,6%) Қарағанды облысы – 34 (4,5%) Шымкент қаласы – 32 (4,4%) Шығыс Қазақстан облысы – 23 (31,1%) Атырау облысы – 21 (2,2%) Алматы облысы – 7 (2,2%) Қызылорда облысы – 6 (1,9%) Павлодар облысы – 5 (2,6%) Жамбыл облысы – 3 (0,8%) Ақмола облысы – 2 (1,3%) Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9932.