Мақтааралдағы барлық үйлер күзетіледі

213

 

Мақтаарал ауданында су басқан елдімекендерде оңтайлы сәтті пайдаланып бөтеннің мүлкін иемденіп кетуге жол берілмейді. Түркістан облысы ПД баспасөз жетекшісі Салтанат Қарагөзова осылай деді.

Айтуынша, қазір қауіпсіздікті қамту үшін құзырлы мекемелерден 600 қызметкер жұмылдырылған. Олардың ішінде полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары да бар.

Олар тұрғындардың қауіпті аумаққа кіріп кетуін ғана емес елдімекендерде ұрлық болдырмау үшін де жұмыс істейді дейді С.Қарегөзова. Ал табылған малдар бір жерге шоғырланып, иелеріне қайтарылады.

Мақпал Рысбаева