Мақтааралдықтарға «LS WAIKIKI» брендінің киімдерін жолдады

192

 

Мақтааралдағы топан су салдарын жоюға тұтас қоғам атсалысып жатыр. Игі істен шет қалмаған «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры да тұрғындарға көмек қолын созды.

Аталған қор мен «Nur Otan» партиясы арасында жасалған Меморандумда қайырымдылық іс-шараларын бірлесе атқару жөнінде келісім бар. Осыған сәйкес, аталған қор өкілдері «Біз біргеміз» акциясы және «Игі істер» жобасы аясында Мақтааралға «LS WAIKIKI» брендінің киімдерін жолдады.

Нақтырақ айтсақ, 960 дана балалар киімі, 1010 дана әйелдер киімі және 890 дана ерлер киімі жеткізілді. Бұл киімдерді топан су салдарынан баспаналарынан айырылған тұрғындарға «Біргеміз, Мақтаарал» волонтерлер штабының жастары таратып берді. Сонымен бірге Мақтааралдағы қоймалардан азық-түлік те апарылды. Жаздық киімдерге ие болған тұрғындар «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорына және «LS WAIKIKI» қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі