Шығын өтелді

124

 

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды сүйемелдеу және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану орган қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Аталған бағытта ақша қаражатын жымқыру және ысырап ету фактілері бойынша Шымкентте 7 қылмыс тіркелді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері осылай деді.

Айтуларынша, «Денсаулық», «Цифрлық Қазақстан» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша бірқатар қылмыстық істер тергелуде. Олардың кейбірі бойынша мемлекет бюджетіне келтірілген залал өтелді.

Жалпы, қылмыстық істерді тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке 1,7 млрд. теңге көлемінде шығын өтелді.

Мақпал Рысбаева