Шымкентте коронавирустан 10 науқас айығып шықты

92

Бүгін Шымкентте коронавирустан 10 науқас айығып шықты. Осылайша қаламызда инфекцияны жеңгендер саны 61-ге жетті.

Сондай-ақ, 5-мамырда тағы 3 шымкенттіктен, 12 Түркістан облысының тұрғынынан ковид-19 тіркелді. Өкінішке орай, осымен шаһарда вирус жұқтырғандар қатары 216-ға, облыста 155-ке жетті.

Елімізде де сұрықсыз статистика сәт сайын құбылып тұр. Қазақстанда бір күннің ішінде тәжівирус 130 адамнан тіркеліп, 91 пациент пандемияға төтеп берді.

Айта кетейік, көрінбейтін жауды жеңу үшін әлемде вакцина әзірлеу акциясы басталып кетті. Алғашқы күннің өзінде қорға 7 млрд. еуро жиналған. Акция екі аптаға созылады.

Назерке Үкібасова