Шымкентте тағы бір демалыс аймағы абаттандырылуда

334

Қажымұқан атындағы орталық стадионның жанындағы демалыс аймағы абаттандырылады.

Мамырдың ортасында жұмысқа кіріскен мердігер компания жаяу жүргіншілер жолындағы жиек тастар мен төсенішті жинастыруда. Тапсырыс беруші қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жобасы бойынша демалыс аймағы жарықтандырылып, көгалдардырылады. Мұнда 500-ден астам көшеттер отырғызылып, гүлдерді егу де қарастырылған. Жасыл желектің күтімін қамту мақсатында гүлзарда суғару жүйесі де болады.
Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Жұмыстар бастауын алды. Тамызда нысан пайдалануға тапсырылады. Демалыс аймағына жақын орналасқан шағынаудандардың тұрғындары және қала қонақтары осында тынығып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Өйткені мұнда денсаулық аймағы да қарастырылған».

Шынар Оразова