Шымкенттегі жануарлар зообағына – 40 жыл

182

Шымкент қаласының, орталық Әл-Фараби ауданында орналасқан жануарлар зообағына 40 жыл.

Коммунистік партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы А.Аскаров Чимкентте зоологиялық саябақ салуға шешім қабылдады. Халық депутаттарының Шымкент облыстық кеңесі атқару комитетінің шешімі 1979 жылдың 11 желтоқсанымен бекітілген.

Мұрағат құжаттарына сәйкес «хайуанаттар бағының құрылысына қала мен облыстың 54 ұйымы ерікті түрде қатысты. Бұл өз кезегінде «Халықаралық балалар жылына» балаларға арналған ерекше сыйлық болып, көптеген ұжымдардың адал еңбектерінің арқасында қаланың шеткі бөлігінде жануарлардан шоғырланған әдемі оазис-қалаға айнала бастады.

Зообақтың ресми ашылу 1980 жылы 29 сәуірде өтті. Мұнда жануарлардың 202 түрінен барлығы 1850 жануар қоныстанды.

Қазіргі таңда, Шымкент зообағында 254 түрдің 2400-тен астам жан-жануары өмір сүреді.