Дендросаябақты жөндеуге 80 млн. теңге жұмсалмақ

323

Қазығұрт ауданындағы дендросаябағында жөндеу жұмыстары басталды.

Құрылыс барысында жаяу жол қайта жаңаланып, жиек тастар төселеді. Бұдан бөлек, демалыс аумағында веложол да қарастырылған. Сонымен қатар, шағын су бұрқағының плиталары да алмастырылуда.

Демалыс  аумағы 11,2 гектарды құрайды. Күтімнің арқасында  жайқалған жасыл желек көздің жауын алады. Құрылысшылар су жүйесін де ретке келтіреді. 2008 жылы іргетасы қаланып, алғашқы көшеттер отырғызылған дендросаябағында тынығуға келушілердің қатары жылдан жылға көбейіп келеді.

Қазығұрттықтар мен қоса  облыс тұрғындары демалыс  аймағындағы  жөндеу жұмыстарының  аяқталуын тағатсыздана күтуде. Жөндеуге бюджеттен 80 млн. тенге бөлінген.

Шынар Оразова