Еңбекші ауданында 122 нысан карантинге жабылды

228

 

Еңбекші ауданында 122 нысан карантинге жабылған. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ғалымжан Ілиясов мәлімдеді.

Карантин ошақтары күн сайын залалсыздандырылып отырады. Мобильді топ күн сайын аудандағы төтенше жағдайдан кейін іске қосылған кәсіпкерлік нысандарды аралап шығып, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды.

Салаға жауаптылар аудандағы кафе-ресторандарда жұмыс уақытының сақталмайтынын айтады. Түнгі сағат 23:00 ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат алған бизнес өкілдері түн жарымға дейін жұмысын жалғастырып, шектеулерді ескермейді екен. Бір күннің өзінде мамандар оншақты хаттама толтырып, ескерту жасайды.

Мақпал Рысбаева