ХҚКО басшылығы «тірі» екенін дәлелдей алмай жүрген азаматқа қатысты түсініктеме берді

148
ХҚКО

«Отырар» телеарнасына арнайы келіп, өзінің құжат бойынша «тірі» екенін дәлелдей алмай жүрген  Анатолий Поваровқа қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының басшылығы түсініктеме берді.

«11 маусым күні бірқатар БАҚ-тарда бірнеше рет «қайтыс болған» Шымкент қаласының тұрғыны Анатолий Поваров туралы жаңалық жарияланды. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметтері уақытылы көрсетілгенін, азаматтың шотына зейнетақы мерзімінде аударылып отырғанын хабарлайды. Бұл ретте мәліметтердің өзектілігін және базаның мазмұнын/толықтырылуын ХҚО емес, мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді. Аталған жағдай Алматы облысының Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасы КПП деректер базасына байланысты болып отыр. Азаматтарға арналған үкімет Анатолий Поваровқа, уәкілетті органдарға, атап айтқанда, Шымкент қаласының Полиция департаментіне шағымдану керектігін бірнеше рет ескерткен. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметі әрдайым ынтымақтастыққа дайын екенін және халыққа қызмет көрсету орталықтарының құзыреті мен қызметіне қатысты кез келген материалдарды дайындау кезінде БАҚ өкілдеріне консультациялық көмек көрсетуге әзір екенін хабарлаймыз» – деп жазылған ресми мәлімдемеде.