Жедел-құтқару жасағының қызметтік иттері сынақтан сәтті өтті

209

 

Шымкентте кинологиялық есептердің сертификаттық сынағы өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы жылы сертификаттық сынақтар жаңа форматта өткізілді.

Әрбір жедел-құтқару жасағы өз бетімен, өз облысының аумағында кинологиялық есеп иттерін сынақтан өткізеді. Жұмысты бағалау үшін комиссия құрылды, оның құрамында Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің тәжірибелі мамандары болды.

Сертификаттық сынақтарға екі кинологиялық есеп қатысты, олар ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой атты 3 итті ұсынды. Иттер сертификаттау сынақтарының үш кезеңінен өтуі керек еді. Бұл – жасақ аумағында өткен тыңдаулар мен ептіліктерді өткізу, одан әрі үйінділердің астынан шартты түрде зардап шеккендерді іздеу. Бұл кезең бұрынғы шифер зауытының тасталған аумағында өткізілді және соңғы кезең – табиғи ортада іздеу (Бадам өзенінде). Жедел-құтқару жасағының барлық қызметтік иттері тапсырмаларды сәтті орындап, өз шеберліктерін және алған кәсіби дағдыларын көрсетті.

Өткізілген сынаулардың мақсаты – бұл кинологиялық есептерді ТЖ аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына жіберу және олардың дайындық деңгейін анықтау, олар алдағы уақытта ТЖ аймақтарынан адамдарды нақты жағдайларда құтқару операцияларына қатыса алады.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы