Армениялық көліктерді тіркеу үшін үш төлем жасалады

460

АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?

Түркістан облысында 255 армениялық көлік тіркелді. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде Қазақстан Республикасы азаматтарының атына ҚР аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталған болатын.

Көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінде Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы жұмыс істеуде.

«Онда тұрғындар көлік құралын тіркеу жайында толық кеңес ала алады. ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға мүмкіндік бар. Ең бастысы тұрғындарға заң аясында көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмір беруге қолдау білдіру», – деп атап өтті полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков.

Салаға жауаптылар облыс тұрғындарын армениялық көліктерді тіркеу үшін үш төлем жасалатынын ескертті. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды.

Мақпал Рысбаева