Биыл құрбан айт намазы оқыла ма?

257

Құрбан айт мерекесінде де айт намазы оқылмайтын болды. Бұл туралы еліміздің бас мүфтиі мәлімдеді. Карантин режимінің 2 тамызға дейін жалғасатынын айтқан ол мешіттердің әлі ашылмағанын жеткізді. Осыған байланысты құрбан айт намазы да оқылмайтын болды.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Бас мүфти: «Биылғы жылы құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2-тамызға дейін ұзартылғандықтан республика бойынша мешіттер жабық болуына байланысты 31-шілде күні құрбан айт намазы оқылмайды».

Назерке Үкібасова