Дәріханалардағы заң бұзушылықтар тоқтамай тұр

203

Шымкенттегі А. Байтұрсынов көшесінің бойында қаз-қатар орналасқан бірнеше дәріхана бар. Бірақ, Еркін Гилажев сырқаттанған қарындасына дәл осы жерлерден іздеген дәрісін таба алмады.

Еркін Гилажев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Менің әпкем ауырып, рентген жасады, екі жақты пневмония расталды».

Тапшы препараттардың бар-жоғы мен бағасы туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары анықтауға кірісті. Олар қоғам белсенділерімен рейдке шыққан. Бұл бекер емес! «Ингавирин», «Цефтриаксон», «Клекса»н және тіпті әдеттегі «Парацетамол» да мұнда табылмады.

«Терафлю» жоқ. Соңғы рет жеткізу әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері, бірақ қазір вирусқа қарсы дәрі жоқ. «Парацетамол балаларға ғана бар» дейді мұндағылар.

Бұдан бөлек Шымкентте қоғамдық фармбақылау күн сайын ондаған қалалық дәріханаларды тексеріп шығады. Мониторинг тобының құрамында-қоғам белсенділері , блогерлер, депутаттар, БАҚ және мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Мониторингтік топ түбіртектердің берілуін де қадағалайды. Қалалық дәріханалардың бірі оларды бірнеше сатып алушыларға бермеген. Сондықтан мұндай дәріханада дәрі-дәрмектердің бағасы қымбаттап отырғанын дәлелдеуге болады.

Айта кетейік, тұрғындар дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілген жағдайда және тұтынушыларға төлем қағазын бермегенде 109 нөмірі бойынша Call-орталыққа шағымдана алады.

Нұрлан Сұлтанбек