Қаладағы қоғамдық көліктердің жұмыс графигі қысқартылғанымен дезинфекция жасау жұмыстары тоқтамайды. Пандемияның таралуына байланысты санитарлық сақтық шаралары қатаң бақылауда. Жұмыстан тыс автобустарды дәрілеу-тазалау барысы қалай өтетуде?
Тізбектелген қоғамдық көліктер легі кешкі жұмысын аяқтап, автобус тұрағына оралуда. Алдымен оларды сабынсумен жуып, дезинфекция жасатады. Дәл осы процесс түскі үзіліс уақытта да қайталанады. Бұл процесс карантин уақыты біткенше жалғаса бермек.
Қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес автобустардың жұмыс графигі қысқартылған. Маршурттардың қозғалысы таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін,екінші ауысымы сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.
Ал,сенбі жексенбі күндері мүлдем жұмысқа шықпайды. Қаулыға сәйкес жүргізушілер мен жолаушылар толықтай бетпердеде болуы тиіс. Осы бойынша компания әкімшілігі қосымша маскаларды әр автобусқа үлестірген. Оны кимегендер жолаушыға береді екен
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жол ережесін сақтауы да назардан тыс қалмаған. Халықты тасымалдаушы көліктерге күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізіп тұрамыз дейді жауапты мамандар
Наурыз Сүгірәлиев, Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: «Заңға сәйкес шарт түзілген. Сол негізде жұмыс атқарылады. Тексерулерді құзырлы органдар атқарады. Көлік компаниялармымен бірге жүргізушілердің дезинекциялық құралдарын пайдалануымен бетперде киюі бойынша бақылау жұмыстарын жүргіземіз».
Айта кетейік, Шымкент қаласында жалпы 1047 автобус жолаушы тасымсалданса, қазіргі таңда 800-і жұмысын тоқтатпаған. Және де Шымкентте бұл транспортты тізгіндеген жүргізушілердің арасында коронавируспен ауырғандары тіркелмеген.