Биыл Шымкент қаласында 305 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ойын және спорт алаңшалары жаңартылады. Оған республикалық және жергілікті қазынадан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде 232 аулада абаттандыру жұмыстары басталған.

Аталған құрылыстың сапасын тексеріп, қаржының тиімді игерілуін бақылау мақсатында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданындағы атқарылып жатқан абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қала әкімі Республика даңғылының бойында орналасқан 43 а, 19, 19а, 19б, 45, 41а көпқабатты үйлердің ауласында болып, ондағы құрылыс жұмыстарын көрді. Ойын және спорт алаңшаларындағы жөндеу жұмыстарының сапасын қарады.
Аталған құрылысқа жауапты мердігерлер жұмысты толығымен тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.

Бірқатар ауланы аралаған әкім, мердігерлерге жұмысшылар арасында санитарлық нормалардың сақталуын және олардың жалақысын уақтылы берілуін жүктеді. Сондай-ақ, жұмыстың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын айтты.

Аралау барысында Мұрат Әйтенов сейсмикалық апатты деп танылған Асқаров көшесіндегі №9а көпқабатты тұрғын үйде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарын көрді. Аталған тұрғынүйдің күрделі жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарлауда.