Шымкентте жылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр

199

Шымкентте алдағы жылу беру мауысымына дайындық жұмыстары қарқын алған. Қаланы жылумен қамту міндеті жүктелген «Қуатжылуорталық-3» мекемесі қаладағы тозығы жеткен магистралды және орамішілік құбырларды жаңалауда. Ұзындығы 60 шақырымды құрайтын жүйені алмастыруға 3 млрд.- тан астам қаржы қарастырылған. Ағымдағы және жөндеу жұмыстарын коммуналшылар тамыздың 20-на дейін аяқтауды жоспарлауда. Бұдан бөлек, шаһар аумағындағы 5 сорғыш станциясын жаңғыртуға 771 млн. теңге қаралған. Аталған нысандарда жөндеу жұмыстарын 1 қазанға дейін аяқтау көзделуде.

Шадияр Кәрімов, «Қуатжылуорталық-3″ МКК бас инженерінің орынбасары:»Биыл бізге  бөлінген 9 млрд. қаржының 4 млрдтан астамы жаңа жылу жүйесінің құрылысына жұмсалуда. 1 млрдтан астам қаржы ескірген жүйелерді қалпына келтіруге бөлінді. 450 млн. теңге құбырларды арнайы материалмен қаптауға бағытталды. Жол картасы бойынша бөлінген 2 млрд. теңгеге қала аумағындағы тозығы жеткен түрлі диаметрлі құбырлар жаңасына алмастырылуда».

Шынар Оразова