Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

148

 

Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада. Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында тағы бір кислород өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қаладағы кислород өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Оның айтуынша, жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі