Суға ағып кеткен кейуана іздестірілуде

248

 

Шымкент қ. ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қызылқия елді мекенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстары 2020 жылғы 14-15 шілде аралығында Қызылқия ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан ені 6 м, тереңдігі 3 м «Газалкент» каналында жүргізілді.

Бұл жолы құтқарушы-сүңгуірлер туыстарының өтініші бойынша 1930 ж.т. азаматшаны іздеген. Ұлының айтуынша азаматшаның есте сақтау қабілеті нашар екен, бірақ есепте тұрмайды. Ол 2020 ылғы 12 шілдеде сағат 06:30-да белгісіз жағдайда жоғалып кеткен, соңғы рет әйелді каналдың жағасында көрген.

Жедел-құтқару жасақтың 6 құтқарушысы үзу құралымен екі күн белсенді іздестіру жұмыстарын судың астында, үстінде жүргізген, бірақ нәтие болмады. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД және аудандық полиция басқармасынан 6 қызметкер, жергілікті атқарушы органынан 2 адам жұмылдырылды.

Нәтиже болмағандықтан іздестіру жұмыстары 2020 ылғы 16 шілдеде тоқтатылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы