Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан дәріхана анықталды

190

Түркістан облысында полицейлер дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріханаларды анықтады. Карантин басталғаннан бері Түркістан облысының полицейлері мобильдік топпен бірге дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 51 дерегін ашқан.

Тексерулер кезінде 5 мың түрлі медициналық дәрі-дәрмектерді тәркіленген. Рейд барысында Арыс қаласының учаскелік инспекторлары ауылдардың бірінен тіркелмеген дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан дәріхананы анықтады.

Полицейлер дәріхана иесінен «Эуфилин», «Анальгин», «Димедрол» және «Офиоксицин» препараттарын яғни, барлығы 77 қаптаманы тәркілеп алды. Аталған жайт бойынша материалдар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне заңды шешім қабылдау үшін жіберілді.

МАҚПАЛ РЫСБАЕВА