Қазіргі таңда елімізде пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай барлығымызға белгілі. Жағдайдың тұрақталуы үшін індет қарсы бірлескен күрес жүріп жатыр. Қазіргі таңда ерікті жастар да барынша көмек көрсетіп өз үлестерін қосуда.

Осы ретте Төлеби ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан ауруханаларындағы ем алушылар үшін 300 литр саумал-қымыз үлестірілді. Аурухана дәрігерлері мен ем алушылар өзара байланысты қуанышпен қабылдап, алғыстарын айтты.

Сонымен қатар, аудандағы демеушілердің қолдауымен 500 дана «Парацетомол» дәрісі аудан орталығындағы дәріханалар алдында тұрғындарға тегін таратылды. Оның 100 данасы Ленгір қалалық ауруханасына берілді. Айта кетейік, алдағы уақытта да аудандағы осындай игі үрдістер жалғасатын болады.