Úı ANONS Күнгейде алғашқы қар жауды

Күнгейде алғашқы қар жауды

фото kz.otyrar.kz

Күн күрт суып алғашқы қар да жауып үлгерді. Тұрғындардың сөзінше Төлеби ауданындағы Шуылдақ метеостанциясында қардың қалыңдығы 33 см жеткен. Ал алдағы күндері  ауа райы қандай болмақ?

Түркістан облысындағы таулы аймақтарда  алғашқы қар жауды. Төлеби ауданы Қара төбе ауылдық округінің тұрғындары арнамызға хабарласып,  күздің соңғы айында қарашада  алғашқы қар жауғанын  айтып,  ұялы телефондарына түсірген бейнематериалдарымен бөлісуде.

«Бізде алғашқы қар қауды, боран болып жатыр. Табиғаттың керемет құбылысы. Әдемі жауып тұр. Айнала аққа оранып сұлу кейіпте. Таулы аудандарда осындай қар жауады. Қардың қалыңдығы 10-15 см».

Ал  «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары ауа

райына қатысты өз мәліметтерін жариялады.

Әсия Қадырбаева, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы:  «Таулы аудандарда  қатты  жаңбыр жауып жатыр.  Түнде жауын шашынның арты қарға ұласады. Төлеби ауданында  алғашқы қар жауды. Ауданда орналасқан Шуылдақ метеостанциясында қардың қалыңдығы 33 см ге дейін жетеді.  Таулы аймақтарға ауа температурасы   түнде 0 -5 градус, ал  күндіз сынап бағанасы +3 +5 градусты көрсетеді. Таулы аудандарда 0 градусқа дейін төмендейді».

5 қарашада түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан  соққан желдің екпіні 8-13 м/сек  жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың солтүстігінде таулы аудандарында  9-13  градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы. Шымкент қаласында  ертең көшпелі бұлт , түнде қар, тұман, көктайғақ  күтілуде. Ауа температурасы түнде  3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.  Қарашаның 6-7-і жауын-шашынсыз.

Шынар Оразова