Төлеби ауданының тұрғыны Жамалов Күлбай Керімбайұлы қайтарымсыз грант жеңіп алып, «Бөрік және көкпар киімдері мен ат әбзелдерін тігу цехын» ашты.
Жобаның мақсаты – ұлттық дәстүрді дәріптеу, сапалы бұйымдар шығарып, жергілікті сұранысты өтеу.
Екінші топ мүгедегі болса да, табандылығы мен еңбекқорлығы арқасында кәсіп бастап, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеуде. Бұл – мемлекет қолдауының нақты нәтижесі әрі жастарға үлкен өнеге!







