Түркістан облысында 130 мыңға жуық оқушы интернетке қосыла алмайды

126

Түркістан облысында да қашықтықтан оқытуға қызу дайындықтар жүргізілуде. Бірінші тоқсанда шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, облыс аумағындағы барлық мектептерде 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылады.

«Қазір аймақта шағын жинақты мектептер саны – 139, онда 12 мыңнан астам шәкірт білім алады. Егерде осы мектептер орналасқан елді мекендерде індеттен қауіп жоқ болса, санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің рұқсатымен дәстүрлі түрде оқытылатын болады», — деді басқарма басшысы.

Сала өкілдері зерделей келе облыстағы 130 мыңға жуық оқушының үй жағдайында интернет желісіне қосыла алмайтынына көз жеткізген. Ал 60 мыңнан астам оқушыда  компьютер атымен жоқ. Сондықтан мектептердегі техникалар келісіммен уақытша пайдалануға берілетін болады.

Мақпал Рысбаева