Жедел жәрдемге 60 мыңға жуық шақырту түскен

143

Шымкентте 1 маусымнан бастап жедел жәрдем қызметіне 59 925 шақырту түскен. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық ақуал баяндалған брифингте мәлімдеді.

Айтуынша осы аралықта күніне шақыртулар саны 2 есеге дейін өскен. Мәселен, қоңыраулар саны 1091-ден 2080 дейін артқан. Осыған байланысты, жедел жәрдем қызметі бойынша «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылды.

100 бірінші кезектегі құрал-жабдықтармен қамтылған жедел жәрдем көліктері қызмет көрсетуде.

Мақпал Рысбаева