ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚҚА ЖАҢА ӨСКІНДЕР ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Шымкенттегі дендросаябақ жаңа өсімдіктермен толықты. Биыл мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен 95 түрлі ағаш әкеліп отырғызылды. Олар арнайы тәлімбақтарда бапталды. Дендрологиялық саябақ қызметкерлері биыл гүлдейтін талдарды көптеп егуде.
Ақнұр ШҮЛЕНБАЕВА, дендросаябақ қызметкері: «Әкелінген тал-дарақтардың көбісі гүл ашады. Біз саябақты гүлдендіріп, ерекше сән бергіміз келеді. Өскіндердің барлығы да жерсініп жатыр».
Қаланың «өкпесіне» айналған саябақ бүгінде халықтың тек сүйікті демалатын орны ғана емес, ғылыми-зерттеу алаңына да айналып отыр. Мұнда сирек кездесетін 8 мыңдай өсімдік түрі жайқалып тұр. Карантин кезінде саябақ жабылды. Қазір күн сайын 7 сағат жұмыс істейді.
Мақпал Рысбаева