Қоғамдық орынды ластағаны үшін 1 жасөспірімге хаттама толтырылды

149

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы 2020 жылғы 17 шілдедегі №333 бұйрығына сәйкес «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Өткізілген профилактикалық іс-шара барысында Ішкі істер органдарына 341 жасөспірім жеткізілді. Құқық бұзушылыққа бейім 9 жасөспірім және 5 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды. Кәмелет жасына толмағандардың тәрбиесіне қатысты 336 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 330 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық, ал балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 6 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттамалары толтырылды.

Түнгi уақытта ойын-сауық мекемесінде болған 1 жасөспірім анықталып, ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша, ал ойын-сауық орнының иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды. Ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін 1 жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, Ішкі істер органының есебінде тұратын жасөспірімдер және қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады.