Тура үш аптадан кейін елімізде оқу жылы басталады. Бірақ, биыл мектеп табалдырығын аттау оқушылардың барлығына бірдей бұйырмайын деп тұр.

Білім ұялары бастауыш сыныптарын ғана кезекшілікпен оқытады. Әр сыныпта 15 оқушы 30 минуттан білім алады. Айта кетейік, 2020 жылы Шымкентте 24 160 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.


Пандемияның келесі толқынына ұстаздар да дайындықты бастап кеткен. Олар бүгін қашықтан оқытудың жаңа жүйесін әкім алдында баяндады. Ал, Мұрат Әйтенов жаңа бағдарламаның карантинде ғана емес, одан кейін де пайдаға асатынын айтады.

Айта кетейік, биыл Шымкентте білім саласының 15 нысан құрылысы басталған еді. Оның 8 осы оқу жылында қолданысқа берілмек. Одан бөлек биыл білім ұяларына 1755 бейнебақылау камерасы орнатылады. Мектеп сыртындағы дәретхана мәселесі осы оқу маусымында шешіледі дейді қала әкімі.

Одан бөлек Шымкент мектептері биыл 15 мыңға жуық компьютермен толықты. Енді онымен қашықтан 40 мың бала оқиды деп жоспарлануда.

Назерке Үкібасова