Шымкент: Жалақы қарызы 4 млн. теңгеге жуықтаған

130

Шымкентте мекемелердің жұмыскерлер алдындағы жалақы қарызы 4 млн. теңгеге жуықтаған. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының отырысында айтылды.

Билік өкілдері мен кәсіподақтықтар қазіргідей қаржылай қиындық туындаған кезеңде еңбеккерлердің құқын аяқасты етпеудің жолдарын қарастырды. Осы бағытта саладағылар күш біріктіріп жұмыс істеуге уағдаласуда. Айта кетейік, қалада 6 кәсіпорын 30 шақты жұмыскерлерінің еңбекақысын бере алмай отыр. Екі мекеменің еңбек дауы тіпті сотқа жеткен.

Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы: «Біз сотқа жеткен істерге араласа алмаймыз. Алайда жалақы өндіруде еңбек инспекторларының жұмысы нәтижелі. Былтыр мекемелердің жұмыскерлер алдындағы қарызы 13 млн. теңгеден асқан. Биыл 3,8 млн. теңгені құрап отыр».

Мақпал Рысбаева