Түркістан облысында Ресейден Өзбекстанға кетіп бара жатқан екі жүк көлігінен коронавирус індетін емдеуде қолданылатын құжаттары жоқ дәрі-дәрмектер мен оттегі концентраторлары тәркіленді.
Ағымдағы жылдың 1 тамызда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп отырып, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген әр түрлі маркадағы 7 дана оттегі концентраторын анықтады.
Тәркіленген дүниелер пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде белсенді қолданылатын препараттар. Аталған факті бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментіне жіберілді.