Жас дәрігер Келес аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімінің дамуына үлес қосуда

199

Ол ауруханаға бірегей операцияларды енгізді. Егер бұрын пациенттер жоғары білікті көмек алу үшін облыс орталығына баруға мәжбүр болса, енді олар өз өңіріндегі ауруханаға барып аталмыш қызметті ала алады.

Ғалымжан Берданов Қарағанды мемлекеттік медицина университетін 2012 жылы тәмамдаған. Жұмыс істей бастағаннан кейін Қарағанды облысы Шет ауданының хирургы болып жүріп ауданның бас хирургы дәрежесіне көтерілді. Айта кетерлігі, ол Қарағанды облысының «Мақажанов» жетекші оқу орталығында біліктілігін арттырды. 2017 жылы ол Келес ауданының «Абай» клиникасына жұмысқа орналасты.Ол ауруханада бұрын-соңды оған дейін ешкім өткізбеген бірегей операцияларды жүргізе бастады. Атап айтқанда, БИОС – бүкіл әлемде аяқ-қол сегменттерінің құбырлы сүйектерінің диафизарлы сынықтарын жедел емдеудің «алтын стандарты» болып табылатын сүйек жарақатын аз инвазивті хирургиялық емдеу әдісі.

Бұрын мұндай операциялар тек облыс орталығында жүргізілген. Сонымен қатар, ол күйіктен кейін тыртықтарды қалпына келтіретін «аутодермопластика» пластикалық операцияларын жүргізе бастады және оталары сәтті өткен. Жас маманның мүмкіндіктерін ескере отырып, аудандық аурухана басшылығы оны 4 айлық біліктілікті арттыру курстарына жіберді. Қазір ол инсульт алған науқастардың айығып кетуіне өз үлесін қосуда. Айта кету керек, бұл операциялар бұрын тек облыс орталығында жүргізілген.