Жаздың соңғы күндері Түркістан облысы мен Шымкентте күншуақты болады

683

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері Түркістан облысында ауа райы  жауын-шашынсыз, ашық.

29-ы күні  өңіріміздің таулы аудандарында, Бәйдібек ауданында желдің екпіні 15-20 м/с  жетеді. Күндіз ауа температурасы  +32-+34 градус жылылықты көрсетсе, түнде сынап бағанасы +15-+17 градус.

Салтанат Қоныс, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының  инженер-синоптигі: «Шымкент қаласында   алдағы күндері 29,30,31 – не күн шуақты. Күндіз ауа температурасы +30-+33 градус жылы, түнде +14 – +16 Тек 31 тамызда  таулы аудандарда күндіз аздаған жауын-шашын болуы мүмкін».

Шынар Оразова