Қоғамда қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Бүгінгі індет кезінде кәсіпкерлер де жұмыла, демеушілікке үлесін қосуда. Пандемияны бірлігімізбен, жақынымызға жанашыр болумен жеңеміз.
Шымкентте кәсіпкер азамат осындай жақсы іске ұйытқы болды. «Тұлпар» автобөлшек базарының директоры Нұрлан Қоңыратбаев Шымкент қалалық № 1 ауруханасына 10 дана жасанды тыныстандыру аппаратын өз қаржысы есебінен сыйға тартты.
Бұл қайырымдылық іс-шарасын Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастырғанына айта кеткен жөн.