Мақтаарал: Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жаңа үйлері табиғи газбен жабдықталған

325

 

Жалпы Мақтаарал ауданындағы 68 елдімекеннің 36-сы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда 9 елдімекенге газ жүйесін жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленді. Оған қоса автоматты газ тарату жүйесін салу да жоспарда бар. Және 2 ауылдық Жаңа жол және Нұрлыбай округтеріне жеткізуші табиғи газ құбырына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

«Биыл Мырзакент елінде жаңадан қосылған 70 гектар жердегі жаңа тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 250 млнн теңгеден астам қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда газбен қосу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша биыл 386 отбасы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. 2021 жылы 2000-нан астам отбасы көгілдір отынды пайланады деп жоспарлаудамыз «,- дейді Мақтаарал аудандық Тұрғын-үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Егембердиев.