Праймериз қатысушысы: «Жастардың қаржылық сауатын арттыру керек»

212

«Жастарды қаржылық сауаттылыққа үндеп, цифрлық жүйені жолға қоямын». «Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысушы Михаил Кан алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

34 жастағы Шымкент тұрғыны бір емес, бірнеше саланы кәсіпке айналдырған. Оның негізгі бөлігі – IT жүйесі. Осы арқылы ол елдегі бірқатар мекемені цифрлық жүйемен қамтып отыр.


Шымкенттік 34 жастағы Михаил Кан жеке кәсіпті 11 жыл бұрын бастаған. Өзі басқарып отырған «Азия сервис» орталығында бір емес, бірнеше қызмет түрі бар. Оның негізгі бөлігі – IT саласы. Цифрлық жүйені жастармен бірлесіп қолға алған ол бұл бағыттың кеңінен танылғанын қалайды. Және «Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысып отыр. Бар мақсаты – жаңа бағдарламаны ел арасында кеңінен таныту.

Михаил КАН, үміткер: «Алға қойған мақсаттарым айқын. Ол «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру. Осы арқылы елдің әлеуметтік жағдайын көтергім келеді. Және жасөспірімдер мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты насихаттасам деймін. Бұдан бөлек, орта және шағын бизесті дамытуды көздеймін».

Михаил басқарып отырған «Азия сервис» орталығы тек Шымкент емес, еліміздің 7 аймағында жұмыс істейді. Бұл жерден қолжетімді бағадағы канцелярлық тауарлар мен шетелге турларды таба аласыз. Праймериз қатысушысының қол астында жұмыс істейтін қызметкерлердің басым бөлігі 35 жасқа дейінгі қыз-жігіттер. Халық қалаулысы болуға ниетті азаматтың басты ұстанымы жастарды жұмыспен қамту.


Ғайникамал Байбосынова, «Азия сервис» компаниясының методология бөлімінің басшысы: «Компания өңірдің барлық салаларының есептіліктерін автоматтандырумен айналысады. Бухгалтерлік есептіліктен бастап, мемлекеттік мекемедегі қарапайым коммерциялық орталықтардағы қоймалық учетқа дейін жүргізеді».


Еске сала кетейік, Михаил Канның бастамасымен Қазақстанда тұңғыш рет қайырымды интернет сайты ашылған еді. Онда денсаулығында кінәраты бар, көмекке мұқтаж жандар жайлы ақпараттар жария етілген. Осылайша депутаттықтан үміткер азамат цифрлық жүйені ауыр науқастар еміне демеуші іздеуде қолдануды алғашқылардың бірі болып бастады.

                                                                                                    Назерке Үкібасова