Праймериз үміткерлерімен кездесу өтті

177

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Лига жақтастары» қозғалысының бақылаушысы, бизнес-тренер Серікбаев Бауыржан Серікұлының азаматтық қоғам және праймериз үміткерлерімен кездесу өткізді.

 

Шара барысында праймериз үміткерлері  бағдарламалары, міндеттері, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар бойынша сұрақтарына жауап алды. Атап өту керек, жастар еліміздің экономикалық дамуына, қоғамның белсенділігін арттыру бағытында  аянбай еңбек етуге ынта көрсетуде.

Шынар Оразова