Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Бетперделік режим мен санитарлық талаптар сақталуы тиіс.
Дегенмен қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сауда-саттық және коммерциялық бағыттағы нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Олар қаулыға сәйкес санитарлық талапты сақтай отырып, тек жұмыс күндері қызмет ете алады. Мереке және демалыс күндері жұмысы тоқтатылады.
Қоғамдық көлік қозғалысы да шектеледі. Олар дүйсенбі мен сенбі аралығында таңғы 7:00 мен 21:00 аралығында қатынайды. Жексенбі демалыс.
Ал, отбасылық мерекелік жиындар мен еске алу кештерін өткізуге әзірге рұқсат жоқ.