Қазақстанда 99 бала коронавирустан емделіп жатыр. Осылай деп ақпарат берген денсаулық сақтау министрлігі вирустан ем алып жатқан қазақстандықтардың жалпы саны 2789 екенін айтады.

Оның 2055 стационарға жатқызылған. Тәжівирус табылған 82 науқастың жағдайы нашар болса, 14-нің ахуалы аса ауыр. 11-і тіпті өкпені жасанды желдету аппаратына таңылған.

Еске сала кетейік, бас дәрігер бұған дейін қатерлі індет анықталғандардың 0,6 пайызға өскенін айтқан еді.

Назерке Үкібасова