Ақын бала жедел жәрдем қызметкерлеріне алғысын өлеңмен жеткізді

188

Шақыртуға барған жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының қызметкерлеріне қаланың кішкентай тұрғыны ерекше алғысын білдірді.

16.10.2020 жылы сағат 19:30 шамасында “Айқап” шағын ауданындағы жеке тұрғын үйден шақырту келіп түскен. Шақыртуға барған медицина мамандары 80 жастағы әжейге дер кезінде медициналық көмек көрсеткен. Денсаулық жағдайы жақсарған қарт кісінің Бексұлтан есімді немересі жедел жәрдем қызметкерлеріне өлең шумақтарын арнап, ерекше алғысын білдірген.

Айта кетейік, 80 жастағы науқасқа жедел медициналық көмек көрсеткен бригада құрамында дәрігер Айгүл Скендирова, фельдшер Марат Керімқұлов, көлік жүргізушісі Мұқан Тұманбаев болған.