«Оңтүстік Рабат» пен «Рабат» газеттері: Басылымға жазылып, сыйлық алыңыз!

241

Назар аударыңыздар. 2021 жылға басылымдарға жазылу науқаны басталды. «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің редакциясы оқырмандарын сүйікті басылымдарына жазылуға шақырады. Науқан 9-ші қазанда бастау алып, қарашаның 9-ына дейін жалғасады. Газетті тұрақты оқимын десеңіз, жарты жылға басылымға редакциядан жазылу құны 2300, ал «Қазпошта» арқылы қалалықтар үшін 2723 ,46 тенге, аудан тұрғындарына 2835,18 теңге. Айта кетерлігі, егер сіз басылымға редакция арқылы тікелей жазылсаңыз, сыйлыққа ие бола аласыз!

«Отырар» медиахолдингі ғимаратында «Оңтүстік Рабат және «Рабат » басылымдарына жазылу шарасы карантин талаптарына сай өтуде. Ұжымды қолдап, алғашқы болып екі бірдей газетке жазылған Нұрсейіт Ибрагимовке демеушілер тарапынан кілем табыс етілді.
«Ең бастысы денсаулық тілеймін. Барлық шындықты жазыңыздар…» дейді Нұрсейіт аға.

Айта кететін жәйт, басылымдарға жазылған оқырмандарға кішігірім сыйлықтар бар. Демеушілердің арқасында оқырмандар сүйікті басылымдарына жазылып қана қоймай, отандық тауарларғамедициналық, сауықтыру сертификаттарына ие бола алады.

Жәнібек НҰРЫШ, «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы: «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттеріне редакция ғимаратына келіп, жазылу науқаны 9-ші қарашаға дейін жалғасады. Мүмкіндіктеріңізді пайдаланып, әлемде, өңірде, қалада орын алып жатқан оқиғалардан хабардар боламын десеңіздер, сүйікті басылымдарыңызға жазылуды ұмытпағайсыздар».

«Оңтүстік Рабат» газетінің тұрақты оқырманы Күлімше Қабылбекова басылымдағы барлық мақалаларды үзбей оқитынын айтады. «Адамның денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер көңілімнен шығады»,- дейді медицина саласында 40 жылдай еңбек еткен зейнеткер.

Күлімше Қабылбекова, оқырман: «Қаламдарың ұшқыр болсын. Ұялмайтындай,  бұрмаламай, шын, ашық  жазыңдар. Оқырмандарың көп болсын, табыстарың мол болсын».

Екі редакцияның ұжымы облыс, қала тұрғындарын «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттеріне жазылуға шақырады. Жаңалықтарды жіберіп алмай, газетті тұрақты оқимын десеңіз, жарты жылға басылымға редакциядан жазылу құны 2300, Қазпошта арқылы қалалықтар үшін 2723, 46 тенге, ал аудан тұрғындарына 2835,18 теңге.

Шынар Оразова

 

 

 

 

Диктор : Түркістан облыс орталығы мәртебесіне ие болғаннан бері мұнда әлеуметтік, мәдени, спорт және тұрғын үй құрылысы қызу жүргізілуде. Жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық танытып инвестицияларын әсіресе баспана құрылысына құюда. Қаладағы «Түркістан- жаңа қала» жаңа тұрғын үй алабында «Сырдария» және «Арман» тұрғын үй кешендері бой көтерді.
ЗКТ. Оңтүстік өңірін дамыту шеңберінде «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы құрылыс саласында бірқатар жобаларды іске асыруда. Облыс орталығындағы Түркістан жаңа қала тұрғын үй алабында «Сырдария» тұрғын үй кешенінің құрылысы былтыр наурызда басталып, биыл пайдалануға 9 көпқабатты үй тапсырылса, жылдың соңына дейін қалған 6 -ы дайын болады.
СНХ 01.19 » Сырдария» тұрғын үй кешенінің жобалық-сметалық құны 5 млрд 135 млн. Мұнда инвестордың үлесі 96 пайыз, мемлекеттің үлесі 4 пайыз. Біз жер және коммуникациямен қамтамасыз еттік».
титр Мамыр Бөлежанов, «Түркістан» ӘКК «АО құрылыс департаментінің басқарушы директоры
ЗКТ. Әрбір көпқабатты үйде 2-3 бөлмелі жалпы 25 пәтер бар. Пәтерлердің 1 шаршы метрі көпбалалығ аз қамтылған отбасылары үшін 180 мың теңгеден, ал инвестордың есебінен сатылатын пәтерлердің шаршы метрі 200 мың теңгеден жоғары.
СНХ 0,44Мұнда барлығы қарастырылған аула көріктендіріліп, балалар алаңшасы, спорт алаңы, әлеуметтік дүкені. Жақын жерде емхана, мектеп жүзу бассейіні бар.01.12
титр Гүлмира ӘБІШЕВА , инвестор
ЗКТ. Екі тұрғын үй кешеніндегі бой көтергшен 44 көпқабатты тұрғын үйдегі 1418 пәтер кезекте тұрған және баспаналы боламын деген азаматтарға үлестіріледі.
Шынар Оразова, Ерлан Бексаидов, Нұркелді Садуақас Отырар телеарнасының жаңалықтар қызметі.
ЗАГ «ТҮРКІСТАН-ЖАҢА ҚАЛА» АЛАБЫНДА ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ