Шымкентте «Авто-Нұр» базары залалсыздандыру шараларын жүргізу мақсатында жабылды

549

Бүгін, 13-ші қазанда қаладағы «Авто-Нұр» базары жабылды.Киім -кешек сатып алуға келген шымкенттіктер ғана емес, өңір тұрғындары аң-таң. Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейтін базар дүйсенбі күні жұмыс істеп, сейсенбі күні  залалсыздандыру шараларын жүргізу мақсатында жабылыпты.

Әлібек Айтбаев, «Авто-Нұр» базарының басшысы: «Бүгін базар жабық, сауда орталығының аумағында дезинфекция жүргізіп жатырмыз. Сауда қатарларын, жалпы базар аумағын  100 пайыз қамтимыз. Дезинфекция болатыны жайлы осында жұмыс істейтін сатушылардың барлығын ескерткенбіз. Ертең базар жұмысын жалғастырады».

Айта кететін жәйт, жабылған базардың сыртқы аумағында полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылған.

Шынар Оразова