Шымкентте көңілдесін балғамен ұрған азамат қамалды

236

Шымкентте көңілдесін балғамен ұрды деген азамат қамалды. 24 жастағы келіншектің бетінің сау-тамтығы жоқ. Құрбысының айтуынша, Екатеринаға озбырлық жасаған Умид есімді жігіт. Төбелестің болғанын көршілері де растап отыр.

Илона Маркичева, жәбірленушінің көршісі: «Мен Катяның балаларына қарап үйінде болғанмын. Бір кезде құрбысы жүгіріп келіп, Катяны ұрып кетті деді. Артынша өзі кірді. Түрін танымайтындай қылып ұрып тастаған. Бет-аузының бәрі қан. Балғамен ұрды дегенді кейін естідік».

Оқиға түнде болған. Екатеринамен бұрын бірнеше жыл бірге тұрған Умид анда-санда келіп тұрады екен. Біраз уақыттан бері көрінбей кеткен еркек бұл жолы әйелдің үйіне ішіп келіпті. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз.

Ал полиция күдіктіні тәулік өтпей ұстады. 24 жастағы әйелдің одан некесіз туған 7, 4 және 3 жастағы ұл-қызы бар. Бұрын да талай мәрте ішіп келіп, тепкінің астына алатын еркекке қатысты Екатерина жергілікті учаскелік полицейге 5 мәрте шағымданыпты. Бірақ, олар әрекет етпеді деп отыр. Мұны енді Шымкенттің полиция департаменті тексермек. Ал, қамауға алынған күдікті азаптау бабымен тергеліп жатыр.

Дәулеткелді Әбдіраманов, Шымкент қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы:
«94 жылғы азамат ұсталды. Кінәсін толық мойындап тұр қазіргі таңда. Ұсталған кезде шұғыл шараларында мас хәлде. Медициналық айықтырғышқа жеткіздік. Оның ішкілікке бейім, беріліп кеткен азамат деп есептеледі. Бұл бойынша азаматша 96 жылғы азаматқа дене жарақатын салған»

Назерке Үкібасова