Қаладағы коммуналдық мекемелер жылу беруге дайын. Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үйдің 415-і орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 38 қөпқабатты үй жеке қазандықтан жылу алады.
Бүгін Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов «Тұрлан» шағынауданындағы К-54 қазандығында болып, маусымға дайындығын тексерді.
Қазандықтың жауапты маманы Ибрагим Неғматовтың айтуынша, 1984 жылы пайдалануға тапсырылған қазандық 26 көпқабатты түрғын үйдегі 502 абонентті жылумен қамтуға қауқарлы. Тұрғын үйлерден бөлек, жылу қазандығынан 2 балабақша, 9 емхана және 1 жекеменшік мектеп жылу қабылдайды. Екі қазандықтың біреуі резервте, қандай да ақау орын алса, екіншісі іске қосылады.
«Аталған мекемелердің жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, жылу қабылдауға дайын»,-дейді аудан басшысы.
Шынар Оразова