Ұлы дала көшесі абаттандырылмақ

136

Көше атауы көркіне сай болса ғана ерекше есте қалады. Бей-берекет шашылған қоқыс, күтімсіз ағаш, жол жиегіндегі ретсіз құрылыс… Мұның бәрі жолаушы үшін жәй ғана қараусыз өткел болып қалары анық.

Қарасу және Ақсукент ауылдық округіне қарасты аумақта жатқан Ұлы дала көшесі кең. Көркін еселеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізсе, Сайрам ауданының үлгілі көшесіне айналары анық.

Бүгінде аталған аумақта ауыл әкімі аппараты тұрақты түрде сенбілік жұмыстарын ұйымдастыруда. Ал көшенің жаңа келбетін кескіндеген бірнеше жоба да әзірленді. Әзірге жобалар кәсіби мамандардың талқысында.

Еске сала кетейік, осыдан 2 апта бұрын аудан әкімі Уласбек Садибеков бірқатар дербес бөлім басшыларымен бірге Ұлы дала көшесін жаяу аралап бірқатар дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берген болатын.

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі