Туроператорлардың жұмыс тәртібін өзгертем деп ұрыс естіді. Мәжіліс отырысына келген спорт және туризм министрі ішкі және сыртқы туризмді лицензиялауды ұсынды.
Сөзінше сонда ғана туристер елімізге сеніммен келеді. Бірақ, Ақтоты Райымқұлованың бұл сөзін мәжіліс төрағасы жоққа шығарды. Нұрлан Нығматулинның айтуынша министрлік заң жобасын туризм компанияларының санын білу үшін ұсынып отыр.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы: «Мен сіздің бұл ұсынысты қандай мақсатпен айтып тұрғаныңызды білмеймін. Меніңше бизнесті осылай қолдаймын деп туроператорлар санын білгілеріңіз келіп отыр. Осылайша » Туристік қамқор» қорына ақша төлетпек ниеттесіздер. Бұдан бизнес зардап шегіп, жұмысы қиындамаса, ешқандай көмек көрмейді».
Бұдан бөлек, мәжіліс отырысында білім жайлы заң жобасына өзгеріс енгізілді. Енді елімізде шетелдік дипломдар жұмысқа тұруға жарайтын болады.
Айта кетейік, бұған дейін шетелдік дипломмен қызметке орналасу үшін жас маман бірнеше кезеңнен тұратын сынақтан өтуі керек еді. Енді мұндай кедергілер жойылмақ. Бірақ, оның қашаннан басталатынын белгісіз.
Назерке Үкібасова