«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 47 жоба қаржылай қолдау тапты

124

Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамыту, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары сәтті жүзеге асуда.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтің айтуынша, шаһарда бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға 2 454,1 млн. теңге бөлінген (Бұл өткен жылмен салыстырғанда 498,1 млн. теңгеге артық). 2020 жылдың 20 қарашадағы жағдайы бойынша бағдарлама аясында 1956 млн. теңгеге 317 жобаға қолдау көрсетілді.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 88,6 млрд. теңгеге 91 кәсіпорыннан өтініш түсті. Екінші деңгейлі банктермен 35,7 млрд. теңгеге 55 жоба мақұлданды. Мақұлданғандар ішінде 11,4 млрд.теңгеге 47 жоба қаржылай қолдау алды. 23 млрд.теңгеге 18 жобаның екінші деңгейлі банктерде құжаттары қаралуда.

Сондай-ақ, 18 жобаның бизнес-жоспар әзірлеу, жаңа технологиялар мен қондырғылар іздеу, құжаттарын түгендеу және құрылыс шығындарын есептеу жұмыстары атқарылуда.

 

QAINAR KÓZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі