Құжат мерзімі аяқталғандарға SMS ескерту келеді

112

Енді ел азаматтары құжат мерзімінің аяқталғанын ұялы телефонға келген хабарламадан біле алады. СМС-хабарлама тек телефон нөмірі базаға тіркелген тұрғындарға ғана жіберіледі.

Ақпарат жеке куәлік, паспорт не жүргізуші куәлігі жайында болады. Ал, хабарлама алған азаматтар Gov.kz порталында өз құжаттарының әрекет ету мерзімін ұзарта алады.

Әсет Тұрысов, АҚ Басқарма төрағасы: «SMS-хабарламалар жіберу арқылы біз проактивті форматта жақын арада құжаттардың мерзімі аяқталатын қазақстандықтарды ескертуді жоспарлап отырмыз, бұл азаматтарға еGov.kz порталы арқылы құжаттарын мерзімі өтпей тұрып тапсырыс беру мүмкіндігін береді. Осылайша біз қазақстандықтарды мерзімі өткен құжаттар үшін айыппұлдардан сақтағымыз келеді».

Ал, жүргізуші куәлігін құжаттың қолданылу мерзімі өтіп, тегі, аты және әкесінің аты өзгеріп, жоғалып не ұрланғанда eGov.kz порталында онлайн өтінім беріп, қайта шығаруға болады. Ол үшін порталда «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау қажет. Қала берді, енді азаматтар 1414-тен туған күніне орай құттықтау мен тілектері бар хабарлама алатын болады.

        Назерке Үкібасова