Шардара ауданында қос ауылға газ беріледі. Бұл туралы бүгін аймақ әкімі баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Сөзінше көп ұзамай көгілдір отынға Шардара қаласы да қол жеткізеді. Ол үшін жауаптылар қазірден бастап қамданып жатқанын айтады. Алайда, интернет желісінің жай-күйі жуық арада оңалмайтын сыңайлы.
Айта кетейік, биыл аймақ бюджетіне 2 млрд. 416 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға ауданның 6 көшесі жөнделіп, 10 көшесіне асфальт төселген. Бұдан бөлек, аудан басшысы аймақта 1870 азаматтың тұрақты жұмыспен қамтылғанын айтады. Оның 55 мүмкіндігі шектеулі жандар.
Назерке Үкібасова